"«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы

«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы»
    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 35, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін

көрсетілген қаулыға «таңбалауға жататын тауарлардың тізбесі» қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2021 жылғы _______

№        қаулысына

қосымша

 

Таңбалануға жататын тауарлар тізбесі

 

№ Р/с

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды

Тауардың атауы

Енгізілетін күні

1

2

3

4

1.

2402209000

Құрамында темекі бар өзге де сигареталар

2020 жылғы

1 қазан*

2.

2403999009

Өнеркәсіпте жасалған өзге де темекі және өнеркәсіптік темекі алмастырғыштар; өзге де темекі сығындылары мен эссенциялары

2021 жылғы

1 сәуір

3.

2402201000

Құрамында темекі бар темекі, сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, сигариллалар және темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған құрамында қалампыр бар сигареталар

2021 жылғы

1 сәуір

4.

2402900000

Өзге де сигаралар, ұштары кесілген сигаралар, темекіден немесе оны алмастырғыштардан жасалған сигариллалар мен сигареттер

 

2021 жылғы

1 сәуір

1

2

3

4

5.

2402100000

Ұштары кесілген сигареталар, сигаралар және құрамында темекі бар сигариллалар

2021 жылғы

1 сәуір

6.

2403110000

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының» «Дайын тамақ өнімдері; алкогольді және алкогольсіз сусындар мен сірке суы; темекі және оны алмастырғыштар» деген IV бөлімінің «24. Темекі және темекіні өнеркәсіптік алмастырғыштар»  

1-тобының субпозициясына ескертпеде көрсетілген кальянға арналған темекі

2021 жылғы

1 сәуір

7.

2403191000

Бастапқы орамада нетто-салмағы  500г аспайтын кез келген пропорцияда темекі алмастырғыштары бар немесе жоқ өзге де шегілетін темекі

2021 жылғы

1 сәуір

8.

3824999209

20°C температурада сұйық болатын, басқа жерде аталмаған немесе қосылмаған, басым бөлігі органикалық қосылыстардан тұратын өзге де химиялық өнімдер немесе препараттар

2021 жылғы

1 сәуір

9.

4303 10 901 0

күзеннен жасалған киім заттары

2019 жылғы

29 наурыз

10.

4303 10 902 0

нутриядан жасалған киім

11.

4303 10 903 0

арктикалық түлкіден немесе түлкіден жасалған киім

12.

4303 10 904 0

үй қоянынан немесе қояннан жасалған киімдер

1

2

3

4

13.

4303 10 905 0

жанаттан жасалған киім

2019 жылғы

29 наурыз

14.

4303 10 906 0

қой терісінен тігілген киім заттары

15.

4303 10 908 0

өзге де киім заттары **

16.

6401

Табаны бар және үсті резеңкеден немесе пластмассадан жасалған су өткізбейтін, оның үсті табанға бекітілмейтін және оған жіппен де, түйреуішпен де, шегемен де, бұрандамен де, тойтармамен де, қандай да бір ұқсас тәсілмен қосылмайтын аяқ киім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2021 жылғы

1 қараша***

17.

6402

Резеңкеден немесе пластмассадан қонышы бар ұлтанды өзге де аяқ киім

18.

6403

Резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе құрақ теріден жасалған ұлтанды және қонышы табиғи былғарыдан жасалған аяқ киім

19.

6404

Резеңкеден, пластмассадан, табиғи немесе құрақ былғарыдан жасалған ұлтанды және қонышы тоқыма материалдардан жасалған аяқ киім

20.

6405

Басқа да аяқ киім

 

* 2020 жылғы 1 қазаннан бастап – көтерме сауданы жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерін қоспағанда, бөлшек сату кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан міндетті түрде шығара отырып, өндірушілер мен ішкі сауда субъектілері үшін. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – тауар айналымына барлық қатысушылар үшін таңбаланған тауарлардың қадағалануы туралы құжаттардың міндетті үзіндісімен.

 

** Өзге де теріден жасалған киім заттары

 

***көтерме сауданы жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілерін қоспағанда, бөлшек сауда кезінде таңбаланған тауарларды айналымнан міндетті түрде шығара отырып, Қазақстан Республикасына әкелінген немесе Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аяқ киім тауарларына қатысты 2021 жылғы 1 қарашадан бастап міндетті таңбалау.

2022 жылғы 1 қарашаға дейін аяқ киім тауарлары айналымына қатысушылар 2021 жылғы 1 қарашаға дейін өндірілген, сатып алынған (әкелінген) таңбаланбаған аяқ киім тауарларын өткізуді жүзеге асырады.

2022 жылғы 1 қарашаға дейін сатылмаған таңбаланбаған аяқ киім тауарлары аяқ киім тауарларының қалдықтары ретінде таңбалануға жатады.

2022 жылғы 1 қарашадан бастап таңбаланбаған аяқ киім тауарларын сатуға және олардың айналымына тыйым салынды.

ПП РК
Дата публикации
28 июня 2021