Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеуді қағидаларын бекіту туралы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
22-5-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеуді қағидалары бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экономикалық интеграция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.