"Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы

Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесін бекіту туралы

 

2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 434-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Өзі өндіретін тауарларды өндірушілердің тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

 

Б. Сұлтанов

 

 

                                  

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»                                            

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Приказ
Дата публикации
15 марта 2021