ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы
2019 жылғы 25 қазандағы Мәскеуде жасалған Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қою туралы» келісім ратификациялансын.
|
Қазақстан Республикасының Президенті
|
|
«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қою туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі
«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына
түсіндірме жазба
«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қою туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы) «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес әзірленген.
2019 жылғы 25 қазанда Мәскеу қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінің және Сербия Республикасы Премьер-Министрлері және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы деңгейінде Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылды.
Келісім Сербиядан ЕАЭО-ға тәркілеу тауарлардан басқа тауарлар әкелуге кедендік әкелу баждарының алынып тастау және бірқатар тауарларды бажсыз әкелуге квоталар беру арқылы ЕАЭО мүше мемлекеттер мен Сербия Республикасы арасындағы өзара сауданы жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған.
Қаралып отырған келісім ішкі нарықты қорғау шаралары, саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар және тауарлардың шығарылған тегін анықтау ережелері тәрізді сауданы реттеу және ынтымақтастықтың салаларын қамтиды.
Заң жобасы республикалық бюджеттен қосымша қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді, Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы сауда шарттарын жеңілдетуге мүмкіндік береді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді.
Келісім бойынша ғылыми-құқықтық сараптаманың 2019 жылғы
17 қыркүйектегі №1-9-2481, ғылыми-лингвистикалық сараптаманың
2019 жылғы 20 наурыздағы қыркүйектегі №11-06/000035 және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты жанындағы уақытша сараптама тобының 2019 жылғы 2 қазандағы №3-14-1-46/4197 қорытындылары бар.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
|
«Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына қолданылуының ықтимал экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамдары
2019 жылғы 25 қазанда Мәскеу қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес шеңберінде ЕАЭО мүше мемлекеттерінің және Сербия Республикасы Премьер-Министрлері және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы деңгейінде Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойылды.
Келісім Сербиядан ЕАЭО-ға тәркілеу тауарлардан басқа тауарлар әкелуге кедендік әкелу баждарының алынып тастау және бірқатар тауарларды бажсыз әкелуге квоталар беру арқылы ЕАЭО мүше мемлекеттер мен Сербия Республикасы арасындағы өзара сауданы жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған.
Келісім Сербиямен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жақсартуға болысады және Сербиямен тауар айналымын ұлғайтуға алдын ала жағдай жасайды.
Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, экологиялық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі Б. Султанов