"Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрық жобасы

Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Тауардың шығарылған елін растау мақсатында тауарды әкелетін елдердің ақпараттық жүйелерінде экспорттаушыларды тіркеу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
    Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Индустрия және инфрақұрылымдық

даму министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

Бұйрық
Дата публикации
26 января 2021