Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
2021 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларының
13-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2021 жылға арналған құқықтық мониторинг жүргізу кестесі (бұдан әрі - Кесте) бекітілсін.
- Құқықтық мониторингті уақытылы және сапалы жүргізу жауапкершілігі Кестеде көрсетілген тұлғаларға жүктелсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаментінің директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Министр Б. Сұлтанов