Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

«Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
  2. «Тауар шығарылған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 497 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8311 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 114 (28053) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Тауардың шығарылған елiн, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар қызметтерін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
23 января 2020