Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а.-ның 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Министрлікке 11 мемлекеттік қызмет бекітілген, оның ішінде 9 мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта, 1 ЖАО, 1 ОМО көрсетіледі.
Анықтама үшін: мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі
2026 жылғы ІІ тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны – 1398. Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауар мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметі Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құзыретіне берілді.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 440-НҚ «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауар мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауар мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, олардың аттестаттарының қолданылу мерзімін ұзарту қағидаларын және «Тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауар мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 15 шілдедегі № 210-НҚ бұйрығымен күші жойылды.