1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге
Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының
1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы
_____________________________________
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.К. Тоқаевқа
«1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі - Жарлық жобасы) Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 197 «1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді.
Жарлық жобасымен Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталыққа қосылу туралы хаттаманы бекіту көзделген, бұл өз кезегінде Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде даулар туындаған жағдайда заң қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен 162 000 швейцар франкі сомасында қаржылық шығындарды талап етеді.
Бұл сома Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
017 «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға,
басқа да халықаралық және өзге органдарға қатысуы» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінеді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және демографиялық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
____________________________________________
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Ұ. Маминге
«Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге қосылуы туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 29 қазандағы № 197 «1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қол қою туралы» Жарлығына сәйкес.
Кіру төлемінің мөлшері әлемдік саудадағы елдің үлесіне сүйене отырып қалыптастырылады. Мүшелік жарна Қазақстан үшін 162 000 швейцарлық франкті құрайды.
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 шілдедегі
№ 18 Республикалық бюджет комиссиясының қорытындысына сәйкес аталған сома Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
017 «Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға,
өзге де халықаралық және өзге де органдарға қатысуы» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінеді.
Жобаны бекіту Дүниежүзілік сауда ұйымының құқығы жөніндегі консультативтік орталыққа қосылу туралы хаттамаға қол қоюға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде даулар туындаған жағдайда білікті заң қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Бұл ұйым Дүниежүзілік сауда ұйымының белгілі бір аспектілері бойынша білікті заңгерлік кеңестер алуға, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға, Қазақстан сауда дауына қатысқан жағдайда, құжаттарды ресімдеу сапасын жақсартып және мерзімдерін қысқарта отырып, Орталықтың қызметтерімен пайдаланып қалуға мүмкіндік береді.
Жоқ.
Жоқ.
Талап етілмейді.
Рұқсат етіледі.
Жоба 2020 жылғы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің www.trade.gov.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Байт саны: 197 MБ.
Талап етілмейді.
Сәйкес келеді.
Талап етілмейді.
Талап етілмейді.
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрі Б. Сұлтанов
жоба
«1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымы құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«1999 жылғы 30 қарашадағы Дүниежүзілік сауда ұйымы құқығы жөніндегі консультативтік орталық құру туралы келісімге Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин