Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 668 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 40, 344-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және тіркелген азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар;»;
2) «Үшінші тараптың Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты сауда шараларын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту және "Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 қыркүйектегі № 679 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 40, 349-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және тіркелген азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар;».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин