«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық
кеңестің кейбір мәселелері туралы » Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы
№ 17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 17 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Заң қызметі департаментінің директорына жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Министр Б. Сұлтанов