Цифрлық трансформациялау және тауарларды таңбалау департаменті
-
Сыртқы экономикалық қызметтің (СЭҚ) барлық қатысушыларына "бірыңғай терезе" қағидаты бойынша ақпараттық қызметтердің толық кешенін ұсынатын платформаны ілгерілету және дамытуға жәрдемдесу;
-
Министрліктің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының архитектурасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
-
Министрліктің ақпараттық жүйелерін құруға және модификациялауға арналған техникалық тапсырмалар мен ерекшеліктерді әзірлеу және келісу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру;
-
Мемлекеттік қызметтерді, министрлікті мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру және оңтайландыру бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
-
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және мемлекеттік қолдау шараларын дамыту шеңберінде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;
-
Тестілеуді өткізуге және Министрліктің ақпараттық жүйелерін енгізуге қатысу;
-
Министрліктің салалық бизнес-процестерін цифрландыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
-
Жұмыс топтарының, кеңесші органдардың қызметіне және цифрландыру мәселелері жөніндегі өзге де іс-шараларға қатысу;
-
Министрліктің ақпараттық жүйелерін интеграциялау және енгізу мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
-
Қазақстан Республикасында қағазсыз трансшекаралық сауданы дамыту;
-
Сауда процестерін цифрландыру мәселелері бойынша халықаралық ұйымдар, екіжақты және көпжақты форматтар шеңберінде ынтымақтастық іс-шараларын іске асыруға қатысу;
-
Қазақстан Республикасында сауда саласында цифрлық технологияларды дамытуға және енгізуге жәрдемдесу;
-
Сауда саласында цифрлық технологияларды енгізу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және оларды мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісуді қамтамасыз ету;
-
Департамент және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары ақпараттық архитектураны цифрландыру жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
-
Ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруға арналған техникалық тапсырмаларды әзірлейді және келісуді жүзеге асырады;
-
Мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандыру және оңтайландыру жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
-
Мемлекеттік қолдау шараларын дамыту шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен ықпалдасуды жүзеге асырады;
-
Ақпараттық жүйелерге техникалық құжаттарды әзірлейді және келісуді жүзеге асырады;
-
Департаменттің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сүйемелдеу бойынша жұмыстарды үйлестіреді;
-
Тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
-
Таңбалануға және қадағалануға жататын тауарлардың тізбесін қалыптастыруға байланысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
-
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен, оның атқарушы органдарымен, сондай-ақ өзге де шет мемлекеттермен және шет мемлекеттердің бірлестіктерімен өзара іс-қимылға байланысты тауарларды таңбалау және қадағалау мәселелері бойынша тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы мемлекеттік саясатты, оның ішінде Қазақстан Республикасының ресми ұстанымын қалыптастыру және айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
-
Тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың тауарлардың жекелеген топтарын сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарын қарау және қарау қорытындылары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды қалыптастыру;
-
Тауарлардың жекелеген топтары бойынша тауарларды таңбалау және қадағалау саласындағы салалық уәкілетті мемлекеттік органдар ұсынатын тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшері бойынша ұсыныстарды келісу;
-
Тауарлардың жекелеген топтарын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаларды жүргізу үшін тауар топтарын іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
-
Тауарлардың жекелеген топтарын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаларды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
-
Қазақстан Республикасында тауарларды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу;
-
Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын функционалдық талаптарды әзірлеу;
-
Тауарлардың жекелеген топтарын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жобаларды жүргізу үшін тауар топтарын айқындау жөнінде, оның ішінде жобаларды салалық уәкілетті мемлекеттік органдарға бекіту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.