Тауарларды жарнамалағанда бір баға көрсетіліп, ал сатып алушыға дүкенге келгенде басқа баға айтса, тұтынушы құзырлы органға жүгініп құқығын қорғай алады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Соңғы уақытта жарнамада көрсетілген бағамен дүкендегі нақты баға арасында нақты баға айырмашылық байқалады. Жарнамада баға арзандау көрсетілгенімен сату кезінде баға едәуір жоғары болып шығатын жағдайлар жиілеп кетті. Осы олқылықтың алдын алу және жарнамадағы бағаның шынайылығын қамтамасыз ету үшін қандай бақылау және реттеу тетіктері қарастырылған» деген сауал қойылды.
https://almaty.tv/kz/news/obschestvo/tauardyn-bagasyndagy-ajyrmasylyk-zarnama-men-dukendegi-zattyn-k-uny-eki-turli-bolsa-ne-isteu-kerek