Толық ақпараттың көрсетілмеуінің қауіптілігі "МОТҚҚҚ" ҚБ сарапшысы Жанна Биятан ағымдағы жылдың шілдесінде жасырын сатып алушы әдісімен Талдықорған дүкендерінің бірінен қайнатып пісірілген "Сервелат Ширин", салмағы 680 г., отандық өндіріс шұжығын сатып алды. Сатып алынған өнім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (ҚР ДСМ СЭБК) Жетісу облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының аккредиттелген зертханасына тапсырылып, онда өнімді кешенді зерттеу кезінде елеулі сәйкессіздіктер анықталды (02. 07. 2024 ж. №1416/4952/РО2402619, 11. 07. 2024 ж. №1143/4955/РО 2400623 хаттамалары.). Өнімнің таңбалауында Кеден одағының "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" 022/2011 техникалық регламентіне сәйкес, келесідегідей сәйкессіздіктер көрінеді: