Ақтөбе облысында жыл басынан бері 656 тұтынушы құқығының бұзылғанын айтып, шағымданған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Бағжан Тілегеновтің айтуынша, биыл өңір тұрғындарынан түскен шағымдардың үлесі 11 пайызға артып отыр. Бұл тұтынушылардың құқықтарының жиі бұзылатынын, сондай-ақ тұтынушылардың өз құқығын қорғауға деген белсенділігі артқанын көрсетеді. Биылғы көрсеткіштерді талдап қарасақ, шағымдардың дені бөлшек және электрондық саудаға қатысты. Біз департаментке түскен өтініштерді қарап, олардың 60 пайызын (394) шешіп бердік. Сондай-ақ 121 тұтынушыға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құқықтық көмек көрсетілді.