Атырау тұрғыны биылғы қарашаның 4-і күні қаладағы тұрмыстық техника және электроника дүкенінен «Kaspi Жұма» арқылы несие рәсімдеп, 414 069 теңгеге ноутбук сатып алғанды. Кейін тауарының қажеттілігі болмай қалады да кейін қайтаруына тура келеді. Бірақ дүкен кері қабылдаудан бас тартады.
Осыған байланысты, тұтынушы Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Ол өз шағымында сауда орнының ноутбукты қабылдап алмағанын, оның дүкенде жатқанын, өз құқығын пайдаланып, тиісті сападағы тауарды қайтарып, сол үшін рәсімделген несиенің күшін жоюды сұрағанын жеткізді. Алайда, дүкен тұтынушының талабы қанағаттандырмай тастаған. Өз кезегінде Департамет тарапынан тұтынушыға наразылық жазу үшін кеңес беру көмегі көрсетіліп, сауда орны әкімшілігіне тұтынушының құқығы, сатушының міндеттері түсіндірілді.
http://ken-zhyloi.kz/zhanalyqtar/tarazy/nesieni-kshi-zhojylyp-noutbuk-keri-kajtaryldy.html