Жуырда ҚР Сауда және интеграция министрлігі облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Байқадам Дүйсенбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Жиында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған бастамалары мен тұтынушылар құқығының қорғалуы талқыланды.
Биыл 9 айда департаментке тұтынушылардың құқықтары бұзылуына қатысты 512 өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 223 өтінішке көбейген. Өтініштердің өсуі 77 пайызды құрайды. Оның ішінде бөлшек және электрондық сауда, тұрмыстық қызмет көрсетуге қатысты шағымдар көптеп жиналған.
https://arainfo.kz/2023/11/09/qoghamdyq-baqylaudyn-qajyry-bar/