Қазақстанда көпшілік тұтынатын тауардың отыз пайызға жуығы жасанды. Бұдан бөлек, сырттан тасымалданатын өнімнің үштен бірі заңсыз жолдармен жеткізілген. Одан да сорақысы сол, уақыт өткен сайын олардың үлесі қазіргі көлемнен де әлдеқайда арта түсуі ықтимал. Импорттың үштен бірі заңсыз жолмен жеткізілген.
«Қазақстан тұтынушылар лигасы қауымдастығы» (ҚТЛҚ) тамыз айынан бастап тұтынушылардың құқын қорғауға, ақпараттық сауаттылықты арттыруға және контрафактілік өнімдерге мониторинг жасауға бағытталған жаңа жобаны іске қосқан еді. Енді, міне екі ай бойы дүкен сөрелері мен жайма базарларда жайылған тауарға талдау жасай келе, көңілді күпті қылған есебін жария етті. Оның нәтижесіне сүйенсек, алаяқтардың көпшілік тарапынан үлкен сұранысқа ие тауарларды, оның ішінде шылымды, алкогольді және дәрі-дәрмекті заңсыз жолмен әкеліп сатуға әбден машықтанып алғанын байқадық. Ал тауар, оның ішінде азық-түлік бағасы неғұрлым қымбаттаған сайын жұрттың контрафактілерге деген сұранысы соғұрлым арта түсетіні көңілімізді тіпті құлазытып тастады
https://arainfo.kz/2023/11/09/tytynushylyq-bilim-akademiyasy-ashylady/