Тәуелсіз социологиялық зерттеудің нәтижесі бойынша 10 мың респонденттің 31% көлік қызметіне көңілі толмайтынын білдірді, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз орталығы.
Көлік саласына қатысты шағымдардың саны 2,5 есеге өсіп, медицина және қаржы саласына түскен шағымдардан асып түсті.
Әдетте бұл шағымдар пайдаланылмаған қызметтер үшін ақшаны қайтарудан бас тарту, қоғамдық көлікпен тасымалдау ережелерін сақтамау, қызметкерлердің дөрекілігі және антисанитарлық жағдайға қатысы бар.
https://mail.kz/kz/news/kz-news/kolik-kyzmetteri-salasynda-tutynushylardyn-kukyktary-saktalmaidy