Бүгінде сапасыз тауар сатып алу, онлайн-дүкендерге алданып қалу, салдарынан ақшасын қайтара алмау сынды мәселелер жиі кездеседі. Оған көп жағдайда тұтынушылардың заң аясында бекітілген міндеттерін қорғауға мүделлі емес екені әрі құқықтық сауатының таяз болуы себеп. Одан бөлек, өз құқығын талап еткен тұтынушының құқығын таптайтын кәсіпкерлер де кездеседі. Аталмыш мәселеге қатысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы Жолдауында тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыру халықтың әл-ауқатының маңызды аспектісінің бірі екенін атап өтті. Осыған орай, біз Астана қаласы «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін ТОМПИЕВПЕН сұхбаттасқан едік.