Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдулиннің төрағалығымен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі салааралық жұмыс тобының отырысы өтті.
Күн тәртібінде «Осы жылдың 8 айындағы тұтынушылар құқықтарын қорғау бағытындағы атқарылған жұмыстар және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заң жобасы туралы», «Тұтынушыларды алдау, интернет-алаяқтық мәселесі бойынша тұтынушылар шағымдарын қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы» және «Базарларды цифрландыру туралы» мәселелер қаралды.
Ақтөбе облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Гүлзада Алматбаеваның айтуынша, департамент осы жылдың қаңтар-тамыз айларында 812 тұтынушының өтінішін қарады.
— Өткен жылдың 8 айымен салыстырғанда тұтынушылардың өтініші 135 пайызға артқан.
https://aqtobegazeti.kz/?p=135982
https://astana-akshamy.kz/tutynwshy-quqyghy-qorghalwy-tiis/