Меню

Страницы

Статья

ULYSMEDIA.KZ: Атыраулықтар Kcell ұялы байланыс операторын сотқа берді

Атырау тұрғындары Kcell ұялы байланыс операторына қарсы сотқа арызданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Атырау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті "Қара шаңырақ Қазақстан" ҚБ-мен бірлесіп тарифтік жоспардың өзгеруіне байланысты Kcell ұялы операторына қарсы арызданды», – деп жазды At Press басылымы.

Арызданушылардың пікірінше, компания келісімге тарифтердің біржақты өзгеруі туралы тармақты енгізу арқылы қазақстандықтардың құқығын бұзып отыр.

Келісімшартқа сәйкес, оператор жоспар өзгергенге дейін кемінде 30 күн бұрын пайдаланушыға қысқа хабарлама жіберуі тиіс. Компания өз қызметтерін пайдалануды жалғастыруды тарифтің өзгеруіне келісім деп санауы мүмкін. Сарапшылар үнсіздікті келісім ретінде қабылдауға болмайды, ал компанияның қызметтерін пайдалану растау ретінде қабылданбайды деп санайды.

«Абонент келісімшарт талаптарының өзгеруі туралы білмеуі және бұл ретте байланыс қызметін пайдалануды жалғастыруы мүмкін. Әр түрлі себептерге байланысты (жасы, интернет-қызметтердің қолжетімділігі және басқа да жағдайлар) барлық абоненттер интернет желісін пайдалана алмайды», - делінген арызда.

Абоненттер Kcell компаниясының әрекеттерін заңсыз деп тануды және оны келісімнен тарифті біржақты өзгерту туралы тармақтарды алып тастауды міндеттеуді талап етеді.

Басылым тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті оператордан қымбат тарифке негізсіз ауысқан пайдаланушыларға тарифтер арасындағы айырмашылықты қайтаруды талап ететінін атап өтті.

Толығырақ осы сілтеме арқылы оқи аласыздар: https://qaz.ulysmedia.kz/sol-zhagalau/10367-atyraulyktar-kcell-uialy-bailanys-operatoryn-sotka-berdi/ 

Дата публикации
08 декабря 2022
Дата обновления
08 декабря 2022
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Полезная информация
02 апреля 2026
Обязаны ли заведения общественного питания предоставлять услуги бронирования столиков посетителям?
Информация
02 апреля 2026
Что мошенники могут сделать с чеком, оставленным на кассе
Информация
02 апреля 2026
Застройщик не хотел возвращать астанчанке почти 8-миллионную предоплату за квартиру

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы