GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Аймақтар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
Техникалық реттеу
14 октября 2026
Астанада Дүниежүзілік стандарттар күніне арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 14 қазанда Астанада Дүниежүзілік стандарттар күніне орайластырылған дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар ұлттық стандарттау жүйесін дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, инновациялық технологияларды енгізу және Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында стандарттау саласындағы жұмыс нәтижелері таныстырылып, сондай-ақ саланың одан әрі дамуының негізгі басымдықтары белгіленді.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова атап өткендей, бүгінде стандарттаудың рөлі едәуір артып, елдің технологиялық және экономикалық дамуының маңызды құралдарының біріне айналуда.

 

«Бүгінде стандарттау тек дайын өнімге қойылатын талаптар жүйесі болудан қалуда. Ол технологиялық дамудың, өндірісті, инвестицияларды және жаңа нарықтарды қолдаудың құралына айналуда. Біз қалыптасқан тәжірибені бекітетін стандарттан, технологиялардың дамуына алдын ала жағдай жасайтын стандартқа көшіп жатырмыз», - деп баса айтты Жанна Есенбекова.

 

Басымдықтардың бірі инвестициялық жобаларды ерте кезеңдерде сүйемелдеу болып қала береді. Өндірісті дайындау кезінде-ақ кәсіпорындарға техникалық талаптарды пысықтауға, стандарттарды таңдауға және сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылымды анықтауға көмек көрсетіледі.

Мұнай-химия саласында заманауи өндіріс технологияларын ескере отырып, көпқабатты полиэтилен үлдіріне стандарт әзірленуде. Сондай-ақ ҚазСтандарттың Alatau City үшін нормативтік базаны дайындауға қатысуы талқылануда.

Күнделікті өмірдегі өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бейнебақылау жүйелері, температураны бақылай отырып салқындатылған және мұздатылған жүктерді жеткізу, электрондық медициналық карталар мен жазбалар үшін стандарттар қабылданды. Электр қуаттау станцияларына да стандарттар бекітілді. Олар берілген электр энергиясын сенімді есепке алу үшін қажетті тексеруге және метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды қарастырады.

Жасанды интеллект (ЖИ) мен ғылыми қызметке арналған нормативтік база дамуда. 2025 жылы алғаш рет ЖИ саласында жеті ұлттық стандарт бекітілді. Олар архитектураны, деректерді, тәуекелдерді басқаруды және құпиялылықты қамтиды. 2026 жылы әзірлемелердің технологиялық дайындығын бағалауды, зерттеулерді цифрландыруды және ғылыми деректермен жұмыс істеу қағидаттарын қарастыратын «Ғылыми зерттеулер және өндіріске қою» стандарты қабылданды.

Айта кетейік, бүгінде Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қоры 76 174 құжатты құрайды, оның ішінде 9 789 ұлттық стандарт бар. Ұлттық стандарттардың қолданылу деңгейі 74%-ды құрайды.

 

09 октября 2026
«Сауда қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
5-тармағына сәйкес «Сауда қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.

Аталған жоба сауда қызметі саласындағы мамандардың біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді. Жобада сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберін қалыптастыру аясында әзірленген «Отынмен, кенмен, металдармен және химиялық заттармен көтерме сауда агенттерінің қызметі», «Риелторлық қызмет» және «Тауарларға пошта немесе Интернет желісі арқылы тапсырыс беру жолымен бөлшек сауда» кәсіптік стандарттарын бекіту көзделеді.

Негізгі мақсаты жобаны қабылдау сала мамандарына қойылатын өзекті біліктілік талаптарын қалыптастыруға, кадрларды даярлау мен бағалау сапасын арттыруға, сондай-ақ кәсіптік құзыреттердің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚР СИМ «Сауда қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын жариялады. Аталған жобаны жария талқылау 09.10.2026 бастап 27.10.2026 дейін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында өтеді.

Стратегиялық жоспарлау және тауарларды таңбалау жүйесі
09 октября 2026
Қазақстан мен Италия сауда байланысын нығайтады: 436 млн долларлық келісім жасалды

Рим, 2026 жылғы 8 қазан. Италия астанасында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің жетекшілігімен сауда-экономикалық миссия өтті. Оған Қазақстан делегациясы мен Италияның 70-тен астам компаниясының өкілдері қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырды. Миссия жұмысына Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерболат Сембаев та қатысты.

Қазақстан делегациясының құрамына агроөнеркәсіп кешені, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, мұнай-газ және мұнай-химия салалары, машина жасау, құрылыс, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындардың өкілдері кірді.

Миссияның негізгі бөлігі қазақстандық және италиялық кәсіпкерлер арасындағы B2B форматындағы келіссөздер болды. Тараптар өзара сауда көлемін ұлғайту, өнімдерді тікелей жеткізуді ұйымдастыру, өндірістік кооперацияны дамыту және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

«Қазақстан отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыра отырып, халықаралық саудадағы позициясын нығайтып келеді. Біздің басымдық — экспорт географиясын кеңейтумен ғана шектелмей, тұрақты сауда байланыстарын қалыптастыру, өндірістік кооперацияны дамыту және қазақстандық өнімнің әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру», — деді Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.

Кездесуде қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің, соның ішінде астық пен оны қайта өңдеу өнімдерінің экспортын ұлғайтуға ерекше назар аударылды. Италия нарығы отандық өндірушілер үшін экспорт бағыттарын әртараптандыру және Еуропадағы жаңа өткізу арналарына шығу тұрғысынан үлкен қызығушылық тудырады.

Іскерлік бағдарлама аясында Италиядағы ірі кооперативтік бөлшек сауда желілерінің бірі — Coop Italia өкілдерімен көшпелі кездесу де өтті. Тараптар қазақстандық азық-түлік өнімдерін италиялық сауда желілері арқылы өткізу мүмкіндіктері мен тікелей коммерциялық байланыстар орнату перспективаларын талқылады.

Миссияның нақты нәтижесі — жалпы сомасы 436 млн АҚШ долларын құрайтын ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттарға қол қойылуы. Қол жеткізілген уағдаластықтар өзара сауданы кеңейтуге, өнеркәсіптік әріптестікті дамытуға және қазақстандық экспорттаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.

Іскерлік бағдарлама аясында Арман Шаққалиев «Италия — Қазақстан: стратегиялық диалог және ынтымақтастық перспективалары» атты дөңгелек үстелге де қатысты. Жиын Қазақстан, Италия және Орталық Азия елдері арасындағы тұрақты жеткізу тізбектерін дамыту мәселелеріне арналды.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың, іскерлік бірлестіктер мен екі елдің жетекші компанияларының өкілдері өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, көлік-логистикалық өзара іс-қимылды нығайту, инвестиция тарту және бірлескен өндірістік жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Министр Қазақстандағы өндірістік және ресурстық әлеуетті Италияның технологиялары мен өнеркәсіптік тәжірибесімен ұштастырып, қосылған құны жоғары өнім шығаруды көздейтін «Made with Italy in Kazakhstan» тұжырымдамасының перспективаларына тоқталды.

Сондай-ақ Азия мен Еуропа арасындағы тұрақты жеткізу тізбектерінің маңызды буыны саналатын Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытуға және логистиканың тиімділігін арттыру үшін цифрлық технологияларды енгізу мүмкіндіктеріне назар аударылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар 2027 жылға жоспарланған Қазақстан-Италия форумына дайындық аясындағы алдағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын да қарастырды.

Римде өткен іс-шаралар Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті нығайтуға, тікелей іскерлік байланыстарды кеңейтуге және өзара сауда, инвестиция мен өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

«QazTrade» АҚ қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға қолдау көрсетуді, сондай-ақ қазақстандық компаниялардың экспорттық жеткізілімдерін дамытуға және италиялық бизнес өкілдерімен ұзақ мерзімді әріптестік орнатуына жәрдемдесуді жалғастырады.

17 августа 2026
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға жарияланған конкурстың әңгімелесу нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның дауыс беру хаттамасы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры бос лауазымына орналасуға жарияланған конкурстың әңгімелесу нәтижесі бойынша конкурстық комиссияның дауыс беру хаттамасы

 

Техникалық реттеу және метрология
13 августа 2026
Қазақстанда магистральдық этан құбырлары мен пропан құбырлары үшін техникалық регламент қабылданды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 29 шілдедегі № 285-н/қ бұйрығымен «Сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптар туралы» ұлттық техникалық регламент бекітілді.

Техникалық регламент плюс 20 ºС температурада қаныққан булардың қысымы 0,2 МПа-дан жоғары болатын сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын сұйытылған күйде тасымалдауға арналған магистральдық құбырларға қойылатын талаптарды жобалау (инженерлік іздестірулерді қоса алғанда), құрылыс (реконструкциялау), пайдалану, консервациялау, тарату (жою), сондай-ақ олардың сәйкестігін бағалау қағидалары кезінде Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және орындауға арналған міндеттерді белгілейді.

Қазақстан Республикасының техникалық регламентін әзірлеуді «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен және Теңіз кен орнында салынып жатқан газ бөлу кешеннен сұйытылған күйдегі этан және пропан фракцияларын «НИНТ» АЭА-дағы Қарабатан газ-химия кәсіпорындарына дейін тасымалдауды қамтамасыз етуге бағытталған «Атырау облысында магистральдық құбыржолдарын (этан, пропан) бірыңғай дәлізде салу» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жүзеге асырды.  

Техникалық регламентті қабылдау көрсетілген жобаны іске асыру және тиісті магистральдық құбырларға міндетті талаптарды белгілеу үшін нормативтік негізді қамтамасыз етеді.

Техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Техникалық регламенттің мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://zan.gov.kz/client/#!/search/results/sadn=285-%D0%BD%2F%D2%9B&at=%D0%9F%D0%A0%D0%98%D0%9A.

13 августа 2026
Жария тыңдаулар өткізу туралы

«Қазақстандық стандарттау және метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – «КазСтандарт» РМК) мемлекеттік монополия субъектісі ретінде "КазСтандарт" РМК өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар жобасын қарау бойынша Жария тыңдаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жария тыңдаулар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 134 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Өтетін күні: 2026 жылғы  2 қыркүйек. Уақыты: 10. 00 сағат. Өтетін орны: Астана қ., Маңгілік Ел к-сі, 8/2, «Алтын Орда» БО, 1 қабат, (акт залы).

Жария тыңдауларға қатысуға тұтынушылар, уәкілетті мемлекеттік органдардың, монополияға қарсы органның, қоғамдық бірлестіктердің, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Жария тыңдауларға қатысу үшін қатысушы туралы ақпаратты жіберуді сұраймыз (Ф.О., лауазымы, Ұйымның атауы, Байланыс телефоны,электрондық пошта мекенжайы) 2026 жылғы 19  тамызға дейін: Астана қ., Маңгілік Ел к-сі, 8/2, «Алтын Орда» БО не электрондық поштаға: s.sergaliyeva@ksm.kz, info@ksm.kz Байланыс тұлғасы: Асылбек Е.Р. 795922 (87712829174), Сергалиева С.А. 795947 (87711009595), Сыздықова Г.Б. (795917).

 

10 августа 2026
Сұхбат өткізу кестесі

Сұхбат өткізу кестесі

 

 

№

 

Аты-жөні

 

Форматы

Күні мен уақыты

Сұхбат өткізу орны/ платформасы

1;

    ОМИРХАНОВ МАКСУТ

   Онлайн

    14.08.2026 10:00

       Qosyl

2;

     КУСЕПОВ МАКСАТ

    Онлайн

    14.08.2026 10:00

      Qosyl

3;

       МУХАМЕДЖАНОВ

БАУЫРЖАН

     Онлайн

    14.08.2026 10:00

      Qosyl

4;

     АБИЛДАБЕКОВ

АЙДАР

     Онлайн

     14.08.2026 10:00

     Qosyl

5;

   ЕРМАГАМБЕТОВА

КУРАЛАЙ

     Онлайн

     14.08.2026 10:00

    Qosyl

6;

    АКИМОВ АБСАМАТ

   Онлайн

     14.08.2026 10:00

    Qosyl

 

 

БАЙМАГАНБЕТОВА САЛТАНАТ КОШЕРБАЕВНА

 

График проведения собеседования\Сұхбат өткізу кестесі

Стандарттау және тауардың шыққан елі
31 июля 2026
Қазақстанда бейнебақылау жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейтін алғашқы ұлттық стандарт бекітілді

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2026 жылғы 17 шілдедегі № 30-НҚ бұйрығымен «Бейнебақылау жүйелері. Бейнекамералардың түрлері мен орналастырылуына қойылатын талаптар» СТ РК 4031-2026 ұлттық стандарты бекітілді.

Стандарт 2026 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспарына сәйкес әзірленді. Стандартты әзірлеуге өтінім беруші Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болды. Стандарт 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

СТ РК 4031-2026 ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу және реконструкциялау кезінде қолданылатын бейнебақылау жүйелеріне қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейтін алғашқы ұлттық стандарт. Құжат бейнекамераларды таңдау, орналастыру және пайдалану талаптарын біріздендіруге, сондай-ақ жабдықтардың өзара үйлесімділігін арттыруға бағытталған.

Стандарт жобалау, салу және реконструкциялау кезінде көзделетін, кейіннен цифрлық мониторинг жүйелеріне қосылуы мүмкін бейнекамералар мен бейнебақылау жүйелеріне қолданылады.

«Стандарттың негізгі жаңалықтарының бірі бейнекамералардың техникалық сипаттамаларына қойылатын бірыңғай ең төменгі талаптардың белгіленуі. Атап айтқанда, матрица түрі, ажыратымдылығы, жарық сезімталдығы, кадр жиілігі, объективтердің параметрлері, жұмыс температурасының диапазоны, сыртқы әсерлерден қорғау кластары, сондай-ақ жабдықты монтаждау және орналастыру талаптары айқындалды», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова.

Алғаш рет ұлттық деңгейде бейнекамералардың қолданылу мақсатына қарай жіктелуі белгіленді. Олар сыртқы аумақтарды бақылауға, ғимараттар мен құрылыстардың ішкі үй-жайларын бақылауға, адамдарды анықтау мен сәйкестендіруге, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тануға, сондай-ақ басқарылатын бейнекамераларға арналған болып бөлінеді.

Сонымен қатар, стандартта бейнебақылау жүйелеріне қойылатын талаптар да белгіленген. Атап айтқанда, олар бейнемәліметтерді үздіксіз тіркеуді, беруді, өңдеуді және кемінде 30 тәулік сақтауды қамтамасыз етуі, өзара іс-қимылдың заманауи хаттамаларын және жабдықтардың үйлесімділігін қолдауы, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік құжаттарының талаптарына сәйкес берілетін ақпаратты қорғауы, сондай-ақ тұлғаларды, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін тану және оқиғаларды тіркеуді қоса алғанда, зияткерлік бейнеталдауды қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

29 июля 2026
Конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 1-кіреберіс, анықтама телефоны: 74-95-12, 87019082624, 87077303042, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – кәсіпорын) бас директоры бос лауазымына – 1 бірлік, орналасуға конкурс жариялайды, мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 17, телефоны 74-95-12. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеу аясындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Практикалық тәжірибесі: техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіштеріне сәйкес кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы.

Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), материалтану және жаңа материалдар технологиясы, азық-түлік өнімдерінің технологиясы, қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша), машина жасау, аспап жасау) немесе құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы).

Қазақстан Республикасының заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілерін және ұйымның өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін мемлекеттік органдардың актілерін білу, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Еңбек, Кәсіпкерлік және Бюджет кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Стандарттау туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарын, шаруашылық және қаржы шарттарын жасасу және орындау тәртібін, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, салалық келісімдерді, ұжымдық шарттарды әзірлеу мен жасасуды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу тәртібін білу.

Функционалдық міндеттері:

Мыналарды қамтамасыз ету қажет:

кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бекітілген ағымдағы, перспективалық және стратегиялық жоспарларына, оның ішінде жоспарлы көрсеткіштеріне сәйкес кәсіпорынның тиімді және тұрақты жұмыс істеуі;

кәсіпорынға бекітілген мүлікті тиімді және мақсатты пайдалану, сақтау;

уәкілетті орган жеткізетін мемлекеттік тапсырысты орындау;

салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (оның ішінде зейнетақы қорларын), сондай-ақ кәсіпорын жұмыскерлерінің жалақысын уақтылы төлеу;

шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның таза табысының тиісті бөлігін немесе кәсіпорынның сметадан тыс алған кірісін мемлекеттік бюджет кірісіне аудару;

кәсіпорынның шарттық міндеттемелерін орындау;

Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау, кәсіпорынды басқаруды жетілдіру үшін құқықтық құралдарды белсенді пайдалану, шарттық тәртіпті, кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын нығайту;

тиісті саланың уәкілетті органына қаржы-шаруашылық есептілік туралы мәліметтерді ұсыну.

Конкурсқа қатысуға үміткер кандидаттар Қағидаларға сәйкес осы хабарландыруға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінішті, тізілімнің веб-порталында рәсімдеп, ЭЦҚ арқылы қол қойылған түрде, сондай-ақ еркін нысанда қазақ және орыс тілдерінде әзірленген түйіндемені қоса бере отырып, конкурс өткізу туралы хабарландыру веб-порталда жарияланған күннен кейінгі                7 (жеті) жұмыс күні ішінде, яғни 2026 жылғы 29 шілдеден 6 тамызға дейін (қоса алғанда) ұсынады.

Әңгімелесу 2026 жылғы 14 тамызда өткізіледі, өткізу орны: қашықтан бейнебайланыс құралдары арқылы, бұл туралы кандидаттарға қосымша хабарланады.

Техникалық реттеу
Стратегиялық жоспарлау және тауарларды таңбалау жүйесі
Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу
Стандарттау және тауардың шыққан елі
Мемлекеттік бақылау
14 июля 2026
ТРМК «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» № 061 бюджеттік бағдарламасының «Мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтарды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету» іс-шарасы бойынша «ҚазСтандарт» РМК-ның есебін тыңдады

Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 2026 жылғы I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша № 061 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттік бағдарламасының «Мемлекеттік эталондар мен эталондық жабдықтарды қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету» іс-шарасын іске асыру жөніндегі «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-ның есебін тыңдады.

Институт басшылығы өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндеттердің орындалуы жөніндегі есепті ұсынды. Тыңдау қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы, сондай-ақ ұлттық эталондық базаны дамыту және халықаралық ынтымақтастық бағытындағы нәтижелер атап өтілді.

Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 жылғы қаңтар–шілде айлары аралығында 106 мемлекеттік эталон мен эталондық жабдықтың жұмыс істеуі және оларға қызмет көрсету қамтамасыз етілуде.

Есепті кезеңде 823 калибрлеу және өлшеу құралдарына 1247 салыстырып тексеру жүргізілді. «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК аумақтық филиалдарымен бірлесіп 1057 бірлік стандарттық үлгі өндірді, оның ішінде салыстырып тексеруге арналған газ қоспаларының, металл иондары құрамының, хлорорганикалық пестицидтердің, топырақ құрамының, астық пен астық өнімдерінің ылғалдылығының, тығыздық пен тұтқырлықтың стандарттық үлгілері, сондай-ақ басқа да стандарттық үлгілер дайындалды. Бұдан басқа, қаттылықтың 54 өлшемі дайындалып, өткізілді.

2026 жылдың 6 айында мемлекеттік эталондарды халықаралық салыстырудың 4 тақырыбына қатысу қамтамасыз етілді:

- COOMET.QM-K118b «Түйінді салыстырулар «Табиғи газ»» тақырыбы бойынша газ орталарындағы компоненттердің мольдік үлесі бірлігінің мемлекеттік эталоны (пилот – «ВНИИМ» ФМУК), ол бойынша өлшеулер II тоқсанда жүргізіліп, өлшеу хаттамасы дайындалуда;

- COOMET 874/RU-a/23 «Электростатикалық өріс кернеулігі бірлігінің қосымша салыстырулары» тақырыбы бойынша электростатикалық өріс кернеулігі бірлігінің мемлекеттік жұмыс эталоны (пилот – «ВНИИФТРИ» ФМУК), өлшеулер 2026 жылдың I тоқсанында жүргізілді;

- COOMET.PR-K6.2024 «Бағытталған өткізу қабілетінің спектрлік коэффициенті» тақырыбы бойынша түс және түстілік координаталарының мемлекеттік эталоны (пилот – «ВНИИОФИ» ФМУК), өлшеулер I тоқсанда жүргізілді;

- COOMET 933/RU/25 «Жазық бұрыш бірлігінің ұлттық эталондарының қосымша салыстырулары» тақырыбы бойынша жазық бұрыш бірлігінің мемлекеттік эталоны (пилот – «ВНИИМ» ФМУК), ол бойынша маусым айында салыстыру объектісі қабылданып, өлшеулер жүргізілуде.

Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі халықаралық бюроның (Key Comparison Database, KCDB) негізгі салыстырулар халықаралық деректер базасында шық нүктесі/қырау нүктесі температурасының мемлекеттік эталоны бойынша минус 50 °С-тан 20 °С-қа дейінгі өлшеу диапазонында шық нүктесі генераторлары үшін калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктері (Calibration and Measurement Capabilities, CMC-жолдары) туралы үш жазба жарияланды. CMC-жолдарына сараптаманы Жапония, Қытай, Франция және Коста-Рика елдерінің техникалық сарапшылары жүргізді.

2026 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Өлшемдер мен салмақтар жөніндегі халықаралық комитеттің ұлттық эталондар мен калибрлеу және өлшеу сертификаттарын өзара тану туралы келісіміне (CIPM MRA) қатысушы 104 елдің ішінде 125 халықаралық деңгейде танылған калибрлеу және өлшеу мүмкіндігімен 45-орында тұр.

Сондай-ақ 2026 жылғы 8–10 шілде аралығында Қырғыз Республикасында өткен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 69-отырысына қатысу қамтамасыз етілді.

Есепті тыңдау қорытындысы бойынша Комитет бюджеттік бағдарлама іс-шараларының орындалуын, сондай-ақ ұлттық эталондық базаны дамыту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және метрология саласында Қазақстан Республикасының халықаралық ұстанымдарын нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстың жалғасуын атап өтті.

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы