ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Жетісу облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары, С-О-2 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Жетісу облысы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

422 437

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Кәсіпкерлік және Азаматтық кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, еңбек заңнамасын, көлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу.

Функционалды міндеттер

Қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын бұзушылықтардың мемлекеттiк статистикалық есептiлiгiнің жүргізілуін ұйымдастыру; теміржол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, станциялық және кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылау; кеме жүзетін су жолдарын және навигациялық жабдық құралдарын тиісті күтіп-ұстауға бақылауды қамтамасыз ету; автомобиль жолдарының сақталуын, ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты, соның ішінде қауіпті жүктердің автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау; көліктік бақылау бекеттерінде отандық және шетел автокөлік құралдарының жүріп өтуін, халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; көліктік бақылау бекеттеріндегі таразы жабдықтары мен техникалық құралдарының жұмыс жағдайын қамтамасыз ету; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу және ұйымдастыру тәртібін бақылауды қамтамасыз ету; тәуекелдерді басқару жүйесін қолданып, автокөліктегі шаруашылық субъектілердің тексерістерін ұйымдастыру және бақылау; мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру; сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша профилактикалық және алдын алу шараларын қабылдау; қоғам және халықпен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 08.11.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.11.2022 – 17.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64