ҚР ИИДМ Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директоры, С-1 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
824 323
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
- Жаратылыстану ғылымдары: Механика
- Жаратылыстану ғылымдары: физика
- Білім: математика
- Білім: физика
- Білім: информатика
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын, Кәсіпкерлік кодексін, Бюджет кодексін. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы», 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарды және аталған лауазымдағы мамандыққа қатысы бар Қазақстан Республикасының т.б нормативтік құқықтық актілерін білу. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу және Soft-skills дағдылары бойынша сертификаттың болуы қабылданады: көпшілік алдында сөз сөйлеу, келіссөздер мен презентациялар өнері, эмоциялық интеллект, креативті ойлау, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару.
Функционалды міндеттер
Департаментке жалпы басшылық ету. Департаментке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Салаларды цифрландыру, цифрлық шешімдер және мемлекеттік қызметтер саласындағы басым проблемаларды шешуге бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы жұмысқа бақылауды қамтамасыз ету. Министрлік салаларына кейіннен енгізу үшін шешімдер әзірлеу және технологиялар іздеу; Департамент қызметкерлеріне тәлімгерлік, дағдылар мен білім беру және цифрлық шешімдерді құру, енгізу, дамыту және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметті үйлестіру; Министрліктің салаларын цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту және Министрлік пайдаланатын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың сенімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды үйлестіру; негізгі қызметті жүзеге асыру шеңберінде, сондай-ақ «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде және Мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша іс-шараларды үйлестіру және мониторингілеу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Министрліктің жетекшілік ететін салаларының даму тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге, оларды дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеуге қатысу, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық баяндамалар мен материалдар дайындау, Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64