ҚР ИИДМ Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті Стратегиялық жоспарлау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 23.07.2025 ж. дейін), С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Кеден ісі
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Құрылыс
  • Көлік құрылысы
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзіреттер.

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыреті шеңберінде стратегиялық даму мәселелерін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын қарау:

Министрліктің тиісті кезеңге арналған даму жоспарын, операциялық жоспарын әзірлеу, қалыптастыру, түзету және мониторингтеу;

5 жылдық кезеңге арналған әлеуметтік – экономикалық даму және болжамдар бойынша талдамалық материалдарды қалыптастыру;

"Мақсаттарға қол жеткізу" блогы бойынша Министрліктің даму жоспарының тиімділігіне бағалау жүргізу;

Министрліктің құзыретіне жататын стратегиялық индикаторлар бөлігінде Дүниежүзілік экономикалық форумның "Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің", "Doing Business", IMD халықаралық рейтингілері және орнықты даму мақсаттары бойынша мәселелерді жүзеге асыру;

Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, қарау және келісу;

Басқарма құзыретіне кіретін Министрлік басшылығының сөз сөйлеуіне баяндамалар, талдамалық есептер, ақпараттық, презентациялық және өзге де материалдар дайындау;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты Министрліктің мемлекеттік органдарының Интранет-порталында уақтылы орналастыру;

Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және қарау;

Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;

Басқарма құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы және сапалы дайындау;

Басқарма құзыретіне жататын Департамент басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде мемлекеттік құпияларға қатысты құжаттарды орындау.

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, жиналыстарға, отырыстарға қатысу.

Басқарманың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.11.2022 – 07.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64