ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Алматы облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы, С-О-1 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

611 721

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер.«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Автомобиль көлігі туралы», «Темір жол көлігі туралы», «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы», «Ішкі су көлігі туралы», «Рұқсаттар және хабарламалар туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік және Азаматтық кодекстерін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, еңбек заңнамасын, көлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білу.

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Көлік заңнамасының талаптарын заңды және жеке тұлғалармен сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; темір жол көлігінде орын алған оқиғаларды, апаттарды, кемелермен болған көлік оқиғаларына тергеу жүргізу; кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркеу; темір жол көлігіндегі қозғалыс қауiпсiздiгi талаптарын бұзушылықтардың мемлекеттiк статистикалық есептiлiгiнің жүргізілуін ұйымдастыру; автомобиль жолдарының сақталуын, ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты, оның ішінде қауіпті жүктердің автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шараларды бақылау; көліктік бақылау бекеттерінде отандық және шетел автокөлік құралдарының жүріп өтуін, халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; көліктік бақылау бекеттеріндегі таразы жабдықтары мен техникалық құралдарының жұмыс жағдайын қамтамасыз ету; механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды өткізу және ұйымдастыру тәртібін бақылауды жүзеге асыру; тәуекелдерді басқару жүйесін қолданып, автокөліктегі шаруашылық субъектілердің тексерістерін ұйымдастыру және бақылау; мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылау; көліктік деректер қорының ақпараттық талдау жүйесінің деректердің енгізілуіне және тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингіне бақылауды қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша және алдын алу шараларын қабылдау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.11.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.11.2022 – 07.11.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64