ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Хаттама басқармасының сарапшысы, С-5 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
208 062
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Туризм
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасын және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасын білу.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығының шет мемлекеттер өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру жөніндегі хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссиялар, кіші комиссиялар, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Шет мемлекеттермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту бойынша мониторинг жүргізу. Министрлік үшін 005 «Шетелдік іссапарлар» және 006 «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламаларын үйлестіру және қалыптастыру. Министрлік басшылығының қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға кәдесый өнімдерін бақылау және қамтамасыз ету. «Транспорт Тауэр» ғимаратына шетел азаматтарын кіргізуді келісу, бақылау және есепке алу. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, Үкіметтің тапсырмаларын және Министрліктің бақылауындағы басқа да тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64