ҚР ИИДМ Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменті Салаларды цифрландыру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: математика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Информатика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Білім: математика
  • Білім: физика
  • Білім: информатика

Қосымша талаптар

Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасын, Кәсіпкерлік кодексін, Бюджет кодексін. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы», 2003 жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңдарды және аталған лауазымдағы мамандыққа қатысы бар Қазақстан Республикасының т.б нормативтік құқықтық актілерін білу. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу және Soft-skills дағдылары бойынша сертификаттың болуы қабылданады: көпшілік алдында сөз сөйлеу, келіссөздер мен презентациялар өнері, эмоциялық интеллект, креативті ойлау, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару.

Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Функционалды міндеттер

Департамент басшылығына цифрландыру саласындағы функцияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар ұсыну; басқарманың құзыретіне жататын цифрландырудың басым проблемаларын шешуге бағытталған саясатты жүргізу; Министрлік салаларын цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту бойынша іс-шараларды жүргізу; «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде цифрландыруды жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру; цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс топтары мен басқа да кеңесу органдарының қызметіне, кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысу; цифрландыру бағыты бойынша Министрліктің басқа бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы шеңберінде Министрлік салаларын цифрландыруды қамтамасыз ету және министрлік салаларының IT жобалары бастамаларының ұсыныстарын әзірлеу үшін нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, қарау және келісу; ақпараттық жүйелер мен деректер базасын құру, енгізу мәселелері бойынша орталық аппарат пен комитеттердің қызметін қамтамасыз ету, сыртқы ақпараттық жүйелермен және деректер қорларымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру; ақпараттық жүйелерді және деректер базасын құру, енгізу мәселелері бойынша; басқарманың құзыретіне қатысты бағыттар тиімділігін бағалау бойынша іс-шаралар өткізу.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.10.2022 – 14.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-64