ҚР ИИДМ Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары, С-2 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
504 960
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексін, сондай-ақ басқа да қаржылық қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Бюджеттік қатыснастар саласында ақпараттық технологияларды пайдалана білу.
Функционалды міндеттер
Департаменттің басқармаларының жұмысын жалпы басқару. Департамент қызметкерлерінің атқарушылық және еңбек тәртібін сақтауларын бақылауды ұйымдастыру. Департамент ережесіне сәйкес Департамент жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкес және бюджеттік бағдарламаларын бекіту бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді қалыптастыруға бақылауды қамтамасыз ету. Тиісті мемлекеттік органдарда жиынтық бюджеттік өтінімді қорғауды бақылауды қамтамасыз ету. Бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерінің Министрліктің даму жоспарының нысаналы индикаторларымен өзара байланысы бойынша жұмысты ұйымдастыру. Министрліктің тиісті кезеңге арналған бюджетін қарау кезінде ведомстволық бюджет комиссиясының, республикалық бюджет комиссиясының, ҚР Үкіметінің, ҚР Парламентінің отырыстары үшін қажетті баяндамалардың, тезистердің, тұсаукесерлердің және өзге де материалдардың дайындалуын бақылау. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жасалуын, олардың уәкілетті органдарға ұсынылуын және бекітілуіне бақылауды қамтамасыз ету. Қаржыландыру жоспарын іске асырылуына және бюджет қаражатының, нысаналы трансферттердің және Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінен қаражатың игерілуіне мониторинг жүргізілуін бақылау. Құрылымдық бөлімшелерден бюджеттік инвестициялық жобалардың, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы ақпараттың жиналуын бақылау және бюджеттік инвестициялық жобалардың жоспар-кестесін дайындау. Есептілікті сапалы дайындау және оларды орталық уәкілетті органдарға ұсынуды бақылау. Бюджет қаражатын басқару бойынша Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмысты жүзеге асыру. Қаржы қызметі мәселелері бойынша қажетті ақпаратпен Департамент басшысын, ол болмаған кезде Министрлік басшылығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Департамент басшысының тапсырмасы бойынша қаржы жұмыстарының мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (жұмыс тобы) жұмысына қатысу. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
8-7172) 98-33-64