ҚР ИИДМ Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті Бағдарламалық құжаттар мониторингі басқармасының сарапшысы, С-5 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
208 062
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Ақпараттық жүйелер
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Құрылыс
- Көлік құрылысы
- Логистика (сала бойынша)
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзіреттер.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының (мемлекеттік органдардың ұлттық жобалары/тұжырымдамалар), сондай-ақ жедел сипаттағы жоспарлар мен Жол карталарының мониторингі мәселелерін қарау:
Басқарманың құзыреті шегінде мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына ұсыныстарды, оның ішінде жедел сипаттағы жоспарлар мен жол карталарын қалыптастыру және келісу;
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының (Ұлттық жобалар/мемлекеттік органдардың тұжырымдамалары), сондай-ақ басқарма құзыреті шегінде жедел сипаттағы жоспарлардың орындалуы бойынша мониторингті, талдауды және есептерді дайындауды жүзеге асыру
Басқарма құзыретіне кіретін Министрлік басшылығының сөз сөйлеуіне баяндамалар, талдамалық есеп беру, ақпараттық, презентациялық және өзге де материалдар дайындау;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратты Министрліктің мемлекеттік органдарының Интранет-порталында уақтылы орналастыру;
Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
Басқарма құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы және сапалы дайындау;
Басқарма құзыретіне жататын Департамент басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру, оның ішінде мемлекеттік құпияларға қатысты құжаттарды орындау.
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, жиналыстарға, отырыстарға қатысу.
Басқарманың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64