ҚР ИИДМ Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті Жобалық кеңсе басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 11.04.2025 ж. дейін), С-4 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
236 338
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Ақпараттық жүйелер
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Құрылыс
- Көлік құрылысы
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзіреттер.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Жобалық қызмет шеңберінде консультациялық-әдіснамалық, ақпараттық-талдамалық қолдауды жүзеге асырады;
Жетекшілік ететін салаларда ұлттық жобалар мен тұжырымдамаларды әзірлеу, бекіту және іске асыруды мониторингілеу;
Жобалық тәсіл әдісін қолдана отырып, саланы дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды/жобаларды қарау және енгізу;
Үкіметтің жобалық офисімен өзара іс-қимыл жасау;
Жобалық портфелін жүргізу, сондай-ақ жобаларды іске асыру барысы туралы есептерді басшылыққа ұсынуды қамтамасыз етеді;
Министрлік құрылымдық бөлімшелерінде жобалық басқару бойынша бекітілген регламентке сәйкес жобалық қызметті үйымдастыру және жобаларды іске асырады;
Жобаларды іске асыруды жобалық басқару регламентінің талаптарына, қойылған мақсаттар мен міндеттер сәйкестігіне мониторинг және бағалау өткізеді;
Жобаларды басқарудың үздік тәжірибелерін қолданады;
Жобалық тәсіл әдісін қолдана отырып, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарларын, NurOtan жол карталары мен жоспарларын, жедел сипаттағы жоспарларды мониторингін өткізеді;
Басқарма құзыреті шегінде Министрлік басшылығына баяндамалар, талдамалық есептер, ақпараттық, презентациялық және өзге де материалдар дайындайды;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті ақпаратты Министрліктің мемлекеттік органдарының Интранет-порталына уақтылы орналастырады;
Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және қарайды;
Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес ұйымдастырады және өткізеді;
Басқарма құзыреті шегінде кіріс және шығыс ақпарат бойынша материалдар мен қорытындыларды уақтылы және сапалы дайындайды;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде және өзге де ұйымдарда өткізілетін жұмыс топтарына, кеңестерге, отырыстарға қатысады;
Басқарманың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасайды;
Басқарма құзыретіне жататын Департамент басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру бойынша, оның ішінде мемлекеттік құпияларға қатысты құжаттарды орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64