Заң департаменті Заңнамалық актілер, құқықтық мониторинг және талдау басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 23.05.2023 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
236338
Қосымша талаптар
стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Функционалды міндеттер
Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру мақсатында заң жобалары мен олардың реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, тұжырымдамаларын, халықаралық шарттар жобаларын құрылымдық бөлімшелермен әзірлеу, сараптау және ресми құқықтық қорытынды беру, ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Парламентте, басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын құқықтық сүйемелдеу.
Заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның және басқа да консультативті-кеңесші органдар отырыстарына құзырет шегінде материалдарды әзірлеу. Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуына талдау жүргізу. Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобалары туралы апта сайынғы, аналитикалық, есептік ақпараттарды даярлау.
Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қатысу, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн, ескiрген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың iске асырылуының тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйi туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпiнiн және қолданылу практикасын болжау бойынша, талдамалық ақпаратты әзірлеуге қатысу, басшылыққа құқықтық мониторинг мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу. Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша шаралардың уақтылы қабылдануына бақылауды жүзеге асыру.
Құқықтық мониторинг және нормативтік құқықтық актілер мәселелері бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Министрліктің басшылығының және Департаменттің тапсырмаларын орындау бойынша сапалы шығыс құжаттарды дайындау мақсатында басшылықтың тапсырмаларына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен ақпаратын жинауды және жинақтауды қамтамасыз ету. Министрліктің қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-62