ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалануды талдау және дамыту басқармасының сарапшысы, С-5 санаты
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
208061
- Филология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Геодезия және картография
- Машина жасау
- Кадастр
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: география
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Жер қойнауын пайдалану қатынастарын реттейтін, заңнамалық, нормативтік және құқықтық актілерді білу. Мүмкіндігінше жер қойнауын пайдаланудың негізгі бағыттарын білу.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Талдау бойынша жұмыстарды жүзеге асыру, нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, жер қойнауын пайдалану саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды пысықтауға бағытталған жұмыс топтарын ұйымдастыру, мүдделі мемлекеттік органдарында нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын келісу, жер қойнауын пайдалану саласында қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, аккредиттелген қауымдастықтардың жұмыс топтарына қатысу; жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде комиссия және арнайы құрылатын жұмыс топтардың жұмысына қатысу; Министрлік пен Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау; жер қойнауын пайдалану саласында нормативтік-құқықтық актілер мониторингі бойынша жұмыс жүргізу; қолданыстағы заңнамада табылған мәселелер, қайшылықтар бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобаларын дайындау; заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық нормаларын түсіндіруге қатысу; тарату жоспарына кешенді сараптама жүргізу, басқарма құзыреті шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау, өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық келісімдердің, өзара түсіністік туралы меморандумдардың, ынтымақтастық туралы хаттамалардың жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, Азия елдерімен, Таяу Шығыс елдерімен Кеден одағы елдерімен, сондай-ақ Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерімен, Еуропа және Австралия елдерімен минералдық-шикізат ресурстары нарығын дамыту мақсатында өзара тиімді халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға қатысу, саланы дамыту үшін имидждік саясат бойынша жұмыс жүргізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-62