ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Екіжақты және көпжақты ынтымақтастық басқармасының сарапшысы, С-5 санат
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
208061
- Халықаралық қатынастар
- Филология
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Туризм
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі:Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасын және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасын білу. Мемлекеттік тілді білу. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу, сондай-ақ қосымша шет тілін білу.
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссиялар, кіші комиссиялар, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Шет мемлекеттермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту бойынша мониторинг жүргізу.
Халықаралық, аймақтық және үкіметаралық ұйымдармен және халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасау. Екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша сыртқы саясат бөлімімен және Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, Үкіметтің тапсырмаларын және Министрліктің бақылауындағы басқа да тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне үкіметаралық комиссиялардың хаттамалары бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындау және қалыптастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-62