ҚР ИИДМ ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану департаментінің Келісімшарттар басқармасының басшысы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 29.03.2023 ж. дейін), С-3 санаты (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
357266
- Геология
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау
- Тау-кен ісі
- Геодезия және картография
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: география
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету және үйлестіру; құзыретті органның жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт талаптарын талқылау бойынша келіссөздер жүргізуді дайындау мен ұйымдастыруды бақылау, жер қойнауын пайдаланушылармен келісімшарттар жасасу кезінде негізгі шарттар мен параметрлерді қарау және айқындау, тексеру, сараптама жүргізуді ұйымдастыру, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар жобалары мен оларға толықтыруларға қол қоюға дайындау, жер қойнауын пайдалану жөніндегі комиссияларға қатысу; жер қойнауын пайдалану мәселелері, басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер бойынша жұмысты ұйымдастыру; жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау бойынша Сараптамалық комиссияның отырысын ұйымдастыру және өткізу; басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруға қатысу, бюджеттік жоспарлау шеңберінде іс-шаралар бойынша тәуелсіз консалтингтік компанияларды тарту бойынша жұмысты ұйымдастыру, басқарма құзыреті шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау, Министрлік басшылығының шұғыл сұрау салулары бойынша ақпарат пен есептерді дайындау, басқарма құзыреті шеңберінде жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі комиссиялар мен арнайы құрылатын жұмыс топтарының жұмысында; мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін автоматтандыру және оңтайландыру бөлігінде ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асыру; мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығына бақылау жүргізу; басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге қатысу; басқарма құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге қатысу. Жер қойнауын пайдалану құқығының және жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету; жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының қарауына уран өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің өтуіне рұқсат беру туралы ұсынымдарды әзірлеу үшін қажетті материалдарды енгізу; жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) немесе жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қарау үшін материалдарды Ұлттық қауіпсіздік органдарына жіберу; жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсынымдары негізінде жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, уранды өндіруді қоспағанда, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауды қамтамасыз ету; уранды өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт, барлауға арналған лицензия немесе қатты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия негізінде туындаған жер қойнауын пайдалану құқығының кепілін (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) тіркеу; жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын пайдалы қатты қазбаларды барлау немесе өндіру бойынша жер қойнауын пайдаланушыны тікелей немесе жанама бақылайтын тұлғалардың немесе ұйымдардың құрамы туралы есептерді талдау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
8-(7172) 98-33-64