ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Интеграция басқармасының басшысы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
357266
- Халықаралық қатынастар
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасын білу. Мемлекеттік тілді білу. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу, сондай-ақ қосымша шет тілін білу.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма жұмысын ұйымдастыру және басқару, басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтау.
Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері бойынша Үйлестіру: комиссияның қарауын талап ететін мәселелер бойынша Қазақстан тарапының ұстанымын қалыптастыру үшін ұсыныстар дайындау және келісу; Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультациялар өткізу және комиссия департаменттерінің кеңестері мен отырыстарына немесе Комиссия мүшелерінің басшылығымен қатысу; мемлекеттік органның ресми ұстанымын комиссия отырыстарының материалдарына уәкілетті органға жіберу. Министрлік басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
Министрлік бойынша Департамент жауапты болатын бақылаудағы тапсырмаларды орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жалпы үйлестіру және бақылау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттық сапалы орындалуын және уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету. Басқарма жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды Департаменттің директорына енгізу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-64