Тұрғын үй құрылысы және жаңа құрылысқа инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы, C-3 санаты

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

422436

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Информатика
  • Құқықтану
  • Сәулет
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Жылу энергетикасы
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді, Бюджеттік, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» және Әкімшілік рәсімдік-процестік Қазақстан Республикасының кодекстерін, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын білу. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер

Функционалды міндеттер

Басқарма жұмысына жалпы басшылық ету және оның Комитеттің және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен және басқа да ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылы. Тұрғын үй құрылысы саласындағы нормативтік базаны жетілдіруге, «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға қатысу; тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстарды келісу; министрлік және Комитет, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары әзірлейтін нормативтік-техникалық және әдістемелік құжаттардың жобаларын тұрғын үй құрылысы бөлігінде қарау; Министрліктің Стратегиялық жоспарының тиісті бөлімін, жергілікті атқарушы органдармен салалық келісімдерді, жергілікті өкілді және атқарушы органдар үшін әдістемелік материалдарды, тұрғын үй құрылысы саласындағы бағдарламаларды (жоспарларды) әзірлеуді және мониторингілеуді, Үкімет отырыстарына, Министрлікте және Комитетте, Министрліктің алқа мәжілістерінде материалдар дайындауды ұйымдастыру. Президент Әкімшілігі, Үкімет, министрлік және Комитет басшылығының тұрғын үй құрылысы саласындағы тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру және бақылау; азаматтардың өтініштері, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың сауалдары мен хаттары бойынша жұмыстарды заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүргізу

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.04.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.04.2022 – 07.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

08.04.2022

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, 10-кіреберіс, онлайн

Анықтама алу үшін байланыс

8-7172-74-25-66