ҚР ИИДМ Заң департаменті Өңдеуші өнеркәсіпті дамыту басқармасының бас сарапшысы (негізгі қызметкердің оқу демалысы кезеңіне 01.09.2021 ж. бастап 30.06.2023 ж. дейін)
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
-
Функционалды міндеттер
Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Парламентте, басқа да мемлекеттік органдарда құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырыстарына материалдарды әзірлеу. Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуына талдау жүргізу. Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобаларын ілгерілету туралы апта сайынғы ақпаратты даярлау. Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қатысу, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн, ескiрген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың iске асырылуының тиiмдiлiгiн бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйi туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпiнiн және қолданылу практикасын болжау бойынша, талдамалық ақпаратты әзірлеуге қатысу, басшылыққа құқықтық мониторинг мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде, Үкіметінде, басқа да мемлекеттік органдарында құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы iс-шараларды iске асыру, құрылымдық бөлімшелерге жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді жүйелі түрде есептеуді және сақтауды жүзеге асыру. Құқықтық мониторинг мәселелері бойынша Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Министрліктің басшылығының және Департаменттің тапсырмаларын орындау бойынша сапалы шығыс құжаттарды дайындау мақсатында басшылықтың тапсырмаларына сәйкес Министрліктің құрылымдық бөлімшелерден келіп түскен ақпаратын жинауды және жинақтауды қамтамасыз ету. Басшылық жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ, онлайн
-
(8-7172) 98-33-56