ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы Көліктегі бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі
Астана қаласы
108306 - 146177
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Құқықтану
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Теңіз техникасы мен технологиялар
- Көлік құрылысы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Логистика (сала бойынша)
- Кеме жүргізу
Қосымша талаптар
Конкурс комиссиясымен конкурс сұрақтарынан бөлек кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын қолданылуына жол беріледі (практикалық кейстер).
Функционалды міндеттер
Инспекция атына келіп түскен заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарайды және олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Қазақстан Республикасы тасымалдаушыларының және шет мемлекеттер тасымалдаушыларының Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық автомобиль тасымалдарын ұйымдастыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Көлік құралдарын арнайы алаңдарда, тұрақтарда және алаңдарда уақытша сақтау үшін ұстауды, жеткізуді және пайдалануға тыйым салуды жүзеге асырады. Көліктік деректер базасының ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу бойынша сапалы және уақтылы жұмысты жүзеге асырады.
Автомобиль көлігінде кәсіпкерлік субъектілерінің Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы заңнамасын, автомобиль көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды сақтауына тексеру жүргізеді. Автомобиль көлігіндегі шаруашылық жүргізуші субъектілерге барумен/бармай тексеру және кәсіби бақылау жүргізеді. Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларының орындалуын қамтамасыз етеді.
Теміржол және су көлігінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге барумен/бармай тексерулер мен кәсіби бақылау жүргізеді.
Теміржол көлігінде тасымалдау және басқа да қызметті жүзеге асыратын, оның ішінде бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарын қолдана отырып жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың: теміржол желісінің станциялық және магистральдық жолдарын және теміржол кірме жолдарын күтіп-ұстау, жылжымалы құрамды күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу, теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдаудың белгіленген қағидаларын, сондай-ақ теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтау, теміржол көлігімен жүктерді, темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдарды пайдалану және жөндеу, жасанды құрылыстарды, сондай-ақ темір жол өтпелерін күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу. Өз құзыреті шегінде Тексеру нәтижелері бойынша актілер жасайды және Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұйғарымдар енгізеді. Қозғалыс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың белгіленген талаптарына жай-күйі жауап бермейтін магистральдық темір жол желісінің, темір жолдар мен жылжымалы құрамның объектілерін, сондай-ақ жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде пайдалануды тоқтата тұрады және тоқтатады. Жолаушылар және оларға теңестірілген вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі комиссияға қатысады, теміржол көлігінің апаттарын, аварияларын тексеруге қатысады.
Су көлігі саласында флоттағы авариялардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарын уақтылы және сапалы орындайды. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын өзен кемелерін қарап-тексеруді жүзеге асырады. Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, сыныптауды және есепке алуды жүргізеді. Мемлекеттік кеме тізілімін, Кеме кітабын және жалға алынған шетел кемелерінің тізілімін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың ішкі су жолдарымен жүзу ережелерін сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Ішкі су жолдарында кеме қатынасын жүзеге асыратын кеме иелерінің, кеме экипажы мүшелерінің, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Ішкі су көлігі туралы заңнамасына сәйкес кемелерді пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарын орындауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасайды, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады. Әкімшілік істер бойынша шығарылған қаулылардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыларды мәжбүрлеп орындатуға жібереді. "Әкімшілік құқық бұзушылықты және оны жасаған адамды есепке алу карточкасы" №1-АВ карточкасын және "әкімшілік құқық бұзушылықтарды қарау барысы мен нәтижелері туралы Карточка"№1-АП карточкасын қояды. Ай сайынғы есептілікті уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.
Әуе көлігінен басқа көлік саласында мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз етеді. Әуе көлігінен басқа көлікте мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы стандарттар мен регламенттердің нормаларын сақтау бойынша шаралар қабылдайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 22.09.2021
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы, Нұр-Сұлтан қаласы, Байқоңыр ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 49 ғимарат (онлайн режимде)
-
87172983607, 87013106333