ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
-
- Бизнес және басқару
- Халықаралық қатынастар
- Шығыстану
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Саясаттану
- Аймақтану
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасын білу. Мүмкіндігінше ғылым магистрі немесе PhD академиялық дәрежесінің болуы. Мүмкіндігінше мемлекеттік және ағылшын тілін білу, сондай-ақ қосымша шетел тілін білу.
Функционалды міндеттер
Департамент қызметіне жалпы басшылық етуді жүзеге асыру; халықаралық ынтымақтастықты дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру бойынша, Министрлік реттейтін салалардағы үкіметаралық, ведомствоаралық шарттарды жасасу және халықаралық келісімдерге қосу қажеттілігі туралы құжаттарды дайындау бойынша, Министрлік басшылығының қатысуымен өткізілетін халықаралық іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Департаментке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттерімен халықаралық қатынастарын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеуді үйлестіру және іске асыруды бақылау. Министрлік бойынша Департамент жауапты болатын бақылаудағы тапсырмаларды орындау бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жалпы үйлестіру және бақылау. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің және Үкіметтің тапсырмаларын орындау бойынша ақпаратты сапалы орындауды және уақтылы беруді қамтамасыз ету. Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныстар қалыптастыру; инвестициялық қызметке байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, шетелдік өкілдіктермен, ұлттық компаниялармен және қазақстандық іскерлік қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау, Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторына шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша шетелдік инвесторлармен, халықаралық және шетелдік іскерлік қауымдастықтармен өзара іс-қимыл жасау; шетел капиталының қатысуымен экономиканың шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларды мониторингілеу. Министрлік, ҚР Үкіметінің басшылықтары мен ЕАЭО мүше мемлекеттердің қатысуымен Еуразиялық экономикалық одақ мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-56