ҚР ИИДМ Өнеркәсіптік саясат департаменті Өнеркәсіп салаларындағы интеграциялық процестер басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Әлемдік экономика
  • Тау-кен ісі
  • Металлургия
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Машина жасау
  • Аспап жасау
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Қаржы
  • Жаратылыстану ғылымдары: Механика
  • Жаратылыстану ғылымдары: физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі (растау сертификатының болуы), Soft-skills дағдылары бойынша сертификаттың болуы: көпшілік алдында сөз сөйлеу, келіссөздер мен таныстырулар  өнері, эмоциялық интеллект, креативті ойлау, жобаларды басқару, өзгерістерді басқару.

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды қалыптастыру; үдемелі индустриялық даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің, өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру; Басқарманың құзыреті шегінде бюджеттік өтінімді қалыптастыру; индустриялық-инновациялық даму мәселелері бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; Департамент басшылығының бақылаудағы құжаттары мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына бақылауды жүзеге асыру, Министрлік пен департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру; Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыру жөніндегі жұмысқа қатысу; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарауға қатысу; Министрлік басшылығы үшін ақпараттық-талдау материалдарын дайындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.07.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.07.2021 – 27.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-56