ҚР ИИДМ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаменті Хаттама басқармасының сарапшысы (23.01.2020ж. бастап 21.01.2022ж. қоса алғанда негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

Орташа лауазымдық айлықақы

-

Білімге қойылатын талаптар

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы

Қосымша талаптар

 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес құзыреттер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хаттамасын және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасын білу. Мемлекеттік тілді білу. Мүмкіндігінше ағылшын тілін білу, сондай-ақ қосымша шет тілін білу.

Функционалды міндеттер

Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығының шет мемлекеттер өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру жөніндегі хаттамалық іс-шараларды қамтамасыз ету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Министрліктің құзыретіне кіретін үкіметаралық комиссиялар, кіші комиссиялар, жұмыс топтарының отырыстарын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Шет мемлекеттермен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту бойынша мониторинг жүргізу. Министрлік үшін 005 «Шетелдік іссапарлар» және 006 «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламаларын үйлестіру және қалыптастыру. Министрлік басшылығының қатысуымен өтетін халықаралық іс-шараларға кәдесый өнімдерін бақылау және қамтамасыз ету.  «Транспорт Тауэр» ғимаратына шетел азаматтарын кіргізуді келісу, бақылау және есепке алу. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, Үкіметтің тапсырмаларын және Министрліктің бақылауындағы басқа да тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.07.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.07.2021 – 26.07.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты

Анықтама алу үшін байланыс

(8-7172) 98-33-56