ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
-
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Көлік құрылысы
Функционалды міндеттер
Автожолдар мен олардағы құрылыстарды есептен шығаруды, апат сипатындағы құбылыстар немесе жол-климаттық жағдайларында республикалық жолдар бойынша қозғалыстың уақытша шектелуін немесе тоқтатылуын бақылауды жүзеге асыру; республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа, ағымдағы жөндеуге және күтіп ұстауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу; жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының көліктік-пайдаланымдық жай-күйіне диагностика және бағалау жүргізілуін, автожолдар мен жасанды құрылыстар бойынша салалық деректер банкінің жүргізілуін және сақталуын жүзеге асыру; автомобиль жолдарының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру; жол көлік оқиғаларын, жол ахуалы жағдайын есепке алуды жүзеге асыруды үйлестіру; салалық қорытындылар беру, жолдардың атауларын, индекстер мен тізімдерін келісу жұмыстарын ұйымдастыру; автожол қызметі бойынша Министрдің блогындағы мәселелерді уақтылы және сапалы орындауды үйлестіру; республикалық маңызы бар автожолдарды дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; мүлікті қабылдап-тапсыру, жалға беру бойынша ММЖК аумақтық департаменттерімен жұмыстарды үйлестіру, бос, жалға берілген алаңдар бойынша ай сайынғы негізде ақпаратты ұсынуды бақылау; негізгі құралдарды, материалдық құндылықтарды қабылдап-тапсыру бойынша бастапқы құжаттарды тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; ведомствоға бағынысты негізгі құралдарды есептен шығару бойынша құжаттарды тексеру жұмыстарын ұйымдастыру; «ҚазАвтоЖол» ҰК Акционерлік қоғамымен және «Қазақавтожол» жекешелендіру шектеулі серіктестігімен қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл бойынша жұмысын үйлестіру; «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жол активтерін басқару қызметін үйлестіру; «ҚазЖолҒЗИ» Акционерлік қоғамымен жол саласының ғылымы мен нормативтері мәселелері жөнінде өзара әрекет ету; жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруге қатысу; облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың ведомстволық сараптамасын келісу; нысаналы трансферттерді бөлуге бюджеттік өтінімдерді қалыптастыруды үйлестіру; жергілікті маңызы бар автожолдарды дамыту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; автожолдарды жөндеуге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер түрінде бөлінген қаржының нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыруға қатысу; «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-33-56