Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Цифрлық трансформация департаменті директорының орынбасары, C-2 санаты (Блок А-9), 1 бірлік, № ДЦТ-2.

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   С-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, С-О-2, D-O-2, D-2, Е-1  санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Математика
  • Информатика
  • Механика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Қосымша талаптар

Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

            Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.

Функционалды міндеттер

Департаментке жалпы басшылық ету. Департаментке жүктелген міндеттер мен функциялардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Салаларды цифрландыру, цифрлық шешімдер және мемлекеттік қызметтер саласындағы басым проблемаларды шешуге бағытталған мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы жұмысқа бақылауды қамтамасыз ету. Министрлік салаларына кейіннен енгізу үшін шешімдер әзірлеу және технологиялар іздеу; Департамент қызметкерлеріне тәлімгерлік, дағдылар мен білім беру және цифрлық шешімдерді құру, енгізу, дамыту және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметті үйлестіру; Министрліктің салаларын цифрландыру бойынша жаңа бастамаларды енгізу және дамыту және Министрлік пайдаланатын ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологиялардың сенімділігі мен тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды үйлестіру; негізгі қызметті жүзеге асыру шеңберінде, сондай-ақ салалық және АКТ тұжырымдамасы шеңберінде және мемлекеттік қызметтерді дамыту бойынша іс-шараларды үйлестіру және мониторингілеу бойынша жұмыстарды үйлестіру. Министрліктің жетекшілік ететін салаларының даму тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге, оларды дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлеуге қатысу, Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық баяндамалар мен материалдар дайындау, Министрлік басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.06.2026 – 16.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

город Астана, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание «Транспорт Тауэр»

Анықтама алу үшін байланыс

8 (7172) 98-33-64