Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаменті Стратегиялық жоспарлау және бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (Блок В-4), 1 бірлік, № УСПИМПД-2.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Сәулет және құрылыс
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқармада мыналарды: - Министрліктің даму жоспарын, операциялық жоспарын әзірлеу, бекіту, түзету және мониторингілеу бойынша; - Министрліктің даму жоспарының нысаналы индикаторларының есептеу әдістемесін әзірлеу және уәкілетті органдармен келісу; - Басқарма құзыретіне кіретін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық құжаттардың қатысуы, әзірленуі және келісілуі бойынша; - Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; - Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық құжаттарын іске асыру туралы есепті дайындауға қатысу бойынша; - «Мақсаттарға қол жеткізу» бағыты бойынша Министрліктің қызметіне болжамды талдауды және тиімділігін бағалауды жүзеге асыру бойынша; - Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық даму болжамы мен қорытындыларын қалыптастыру бойынша; - Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінде, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өтетін отырыстарда, кеңестерде, жұмыс топтарында қатысу бойынша;- Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің ресми Интернет ресурсында ақпаратты уақтылы дайындау және жариялау бойынша; - Басқарма құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволарымен өзара іс-қимыл жасау бойынша; - Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкімет Аппараты, Департамент пен Министрліктің басшылығы үшін талдамалық ақпарат, ұсыныстар, анықтамалар және басқа да материалдар (тезистер, анықтамалар, презентациялар) дайындау бойынша; Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттарын (Президент Жолдаулары, жол карталары, кешенді жоспарлар, шаралар, жалпыұлттық іс-шаралар жоспарлары) әзірлеу, өзектендіру және іске асыру мониторингі жөніндегі жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етеді. Басқарманың құзыреті шеңберінде ҮБК бағдарламалық құжаттары мәселелері бойынша кеңестерге материалдар (Мемлекет Басшысының Жолдауындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі жыл сайынғы жалпыұлттық жоспарлар, Жол карталары, кешенді жоспарлар) дайындау бойынша үйлестіруді қамтамасыз етеді. Департамент басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.aitugan@mps.gov.kz
- город Астана, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание «Транспорт Тауэр»
-
8 (7172) 98-33-64