Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаменті Өңдеу өнеркәсібін дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік, № УРОП-2
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Әлемдік экономика
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Машина жасау, құрылыс материалдарын өндіру, фармацевтика, химия, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу; басқарма құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, іс-шаралар жоспарларының және басқа да құжаттардың орындалуын үйлестіру; жетекшілік ететін салаларда заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу; Басқарма құзыреті шегінде бағдарламаларды, іс-шаралар жоспарларын және басқа да құжаттарды әзірлеу; өз құзыреті шегінде салалық және мемлекеттік бағдарламалар, нормативтік құқықтық актілер бойынша қорытындылар дайындауға қатысу; басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдар дайындау; салалық ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және оған қатысу; халықаралық шарттарды әзірлеуге, халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу, жетекшілік ететін салалар шеңберінде конгрестерге, форумдарға және өзге де іс-шараларға қатысу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; басшылық бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
n.aitugan@mps.gov.kz
- город Астана, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание «Транспорт Тауэр»
-
8 (7172) 98-33-64