Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті елішілік құндылықты дамыту басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты, 1 бірлік, № УРВЦ-4
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
302255
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Балық шаруашылығы
- Химия
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Ядролық физика
- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Тау-кен ісі
- Мұнай газ ісі
- Металлургия
- Машина жасау
- Электр энергетикасы
- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- Органикалық заттардың химиялық технологиясы
- Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Құрылыс
- Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Қаржы
- Инновациялық менеджмент
- Мұнайхимия
- Биологиялық белсенді қосылыстардың химиялық технологиясы
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
(Блок А-6) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тізбе бойынша мемлекеттік сатып алу субъектілерінің, жер қойнауын пайдаланушылардың, концессионерлердің, ұлттық компаниялар мен холдингтердің, ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алуындағы елішілік құндылықты мониторингiн жүзеге асыру; тиiстi ұйымдар ұсынатын жүргiзiлген, жүргiзiлетiн және келесi жылға жоспарланатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтердi сатып алу туралы ақпаратты талдауды жүзеге асыру; Елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, сервистік қолдау шараларын ұсыну және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бөлігін өтеу бойынша ұсыныстар енгізу; интеграциялық процестердегі елішілік құндылықты дамыту және жергілікті қамту идеологиясын дамыту мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру; тау-кен металлургия және мұнай-газ кешендерінің ірі жобаларын іске асыру шеңберінде жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға жәрдемдесу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу; Басқарманың заң шығару жұмысын жүзеге асыру; Басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Стратегиялық бағдармаларға ұсыныстар дайындау және Басқарма құзыреті шегінде орындалуын мониторингтеу; Департаменттің, Министрліктің, Үкіметтің мәжілістерінде қарауға Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар мен материалдарды дайындау; Елішілік құндылықты дамыту бойынша халықаралық тәжірибе негізінде ұсыныс енгізу; Министрліктің Аппарат басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.orazkhankyzy@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
8 (7172) 98-33-64, 8708-104-92-72