Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен департаменті Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар тізімін қалыптастыру және жүргізу басқармасының басшысы, C-3 санаты, 1 бірлік, № УФИВРИГОЗ-3
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Астана қаласы
476435
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әскери іс
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Машина жасау
- Авиациялық техника және технологиялар
- Теңіз техникасы мен технологиялар
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
- Ғарыш техникасы және технологиялары
Қосымша талаптар
Кәсіби құзыреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
(Блок А-9) Басқарма қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру. Басқармаға жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін анықтау. Мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау. Заңнамада белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтау. Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың назарына немесе Құқық қорғау органдарына жеткізеді. Басшылықтың бұйрықтарын, өкімдері мен тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау. Министрліктің және Департаменттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. Өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салулары бойынша ақпарат береді.Өз құзыреті шегінде басқа мемлекеттік органдардан келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерді келіседі.Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын түсіндіруді жүзеге асырады.Лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, діни және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға тиіс. Мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның ішінде мемлекеттік қызмет тоқтатылғаннан кейін де заңда белгіленген уақыт ішінде сақтауға міндетті.Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қос мақсаттағы (қолданылатын) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілердің және мемлекеттік қорғаныс тапсырысының әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық жеткізушілердің тізіліміне (бұдан әрі – тізілім) басшылықты жүзеге асыру және қалыптастыруды қабылдау. Тізілімді қалыптастыру нәтижелері бойынша басшылыққа ақпараттық анықтамалар дайындауды ұйымдастыру. Тізілімді қалыптастыру саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру. Қорғаныс тапсырысын қалыптастыру және орналастыру кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізуді және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.orazkhankyzy@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
8 (7172) 98-33-64, 8708-104-92-72;