Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті Түсті металлургия және сирек металдар басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Астана қаласы
427817
Жалпы біліктілік талаптары
С-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5,
С-4, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілі.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Құқықтану
- Менеджмент
- Механика
- Ядролық физика
- Тау-кен ісі
- Металлургия
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Пайдалы қазбаларды байыту
- маркшейдрлік ісі
- Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
Қосымша талаптар
Кәсіби құзіреттілігі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Практикалық тәжірибесі: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес.
Функционалды міндеттер
Басқарма қызметін ұйымдастыру және үйлестіру; басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін бақылау; нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; ақпараттық-талдау материалдарын қорыту және дайындау; тау-кен металлургия өнеркәсібі бойынша мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру және олардың орындалуын үйлестіру; тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия) саласындағы жұмыс берушілермен және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестік бойынша жұмысты ұйымдастыру; тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия және сирек металдар) саласындағы бюджеттік бағдарламаларды сүйемелдеу; Басқарма құзыретіне кіретін салалардағы халықаралық шарттарды орындау; тау-кен металлургия өнеркәсібі мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу; тау-кен металлургия өнеркәсібі (түсті металлургия) мәселелері бойынша конгресстерді, форумдарды және өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу); асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, бағалы металдардан жасалған монеталарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде мемлекеттік бақылау актісінің берілуіне бақылауды жүзеге асырады; инвестициялық және инновациялық жобаларға, тау-кен металлургия өнеркәсібінің өндірістік қызметіне, соның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық жай-күйінің деңгейіне мониторинг жүргізу; тау-кен металлургия өнеркәсібінде инновациялық жобаларды жандандыру, жаңа технологиялық салуларды енгізу, жаңа қайта бөлулерді игеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; бюджет қаражатына орындалған ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижелеріне мемлекеттік технологиялық сараптама жүргізу және оларды одан әрі өнеркәсіптік игеру және енгізу үшін ұсынымдар беру; Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне мониторинг жүргізу және үйлестіру; индикативті бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; салалық ведомствоаралық комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыру және қатысу; түсті металлургия және сирек металдар құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету, қорытынды, актілер, құжаттар мен толлингтік операцияларды беру; Басқармадағы құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру; жеке және заңды тұлғалардың хаттарының орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру; Комитет басшылығы бекіткен лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.moldagalieva@mps.gov.kz
- Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты
-
(8-7172) 98-34-32